Кіру

|

Тіркелу

Жаңа Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

Жарияланған күні: 23.06.2025, 16:20

Автор: Рахимжанова Жамиля

Сенат депутаттары жаңа Салық кодексін екінші оқылымға дайындау барысында өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін құжатты Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 

Сондай-ақ:
- 15% мөлшерлеме бойынша табысы 230 000 АЕК-тен (900 млн теңгеден астам) асатын шаруа қожалықтары үшін салық салуды енгізу ұсынылды;
- төлем карталары арқылы жүрізілетін операциялар үшін ҚҚС-тан босатуды сақтау;
- сән-салтанат тауарларына акцизді төлеушілер тек жеке тұлғалар болады. Автокөліктерге (75 млн теңгеден қымбат), кемелерге, ұшу аппараттарына (100 млн теңгеден қымбат) тіпті ел ішінде сатып алған кезде де салық салынатын болады;
- мүгедектер (кемінде 10 қызметкер) жұмыс істейтін кәсіпорындардың айналымы ҚҚС-тан босатылады.

 

30 сәуір күні Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда Жаңа Салық кодексін қабылдады. Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегі 40 млн теңгеге болады, базалық мөлшерлеме 16%-ға дейін артпақ.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.