Кіру

|

Тіркелу

Қазақстандықтар Ресейге кірген кезде биометрия тапсыруға міндеттеледі

Жарияланған күні: 13.06.2025, 11:29

Автор: Рахимжанова Жамиля

30 маусымнан бастап барлық шетелдіктер, соның ішінде қазақстандықтар Ресейдің шекарасынан өту кезінде биометрия тапсыру керек болады.

 

Енді Ресейге кірген кезде биометриялық сәйкестендіруден (саусақ іздері мен бет суреті) өту керек. Елге кірушілер RuID (мемлекеттік қызметтер) қосымшасы арқылы цифрлық профиль жасауы керек, сервис жақын арада іске қосылады.

 

Биометриядан 6 жасқа дейінгі балалар, дипломаттар және дипломатиялық қызметтік паспорттардың иелері босатылады.

 

Сапар алдында Ресей ІІМ онлайн-сервисі арқылы елге кіру мүмкіндігін тексеру ұсынылады.

 

Сондай-ақ, мынаны білу маңызды:
- 1 қаңтардан бастап сим-карталар биометриядан өтуден кейін ғана ресімделеді, бұрын алынған "сим карталар" ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін қайта ресімделуі керек;
- егер Ресейде 90 күннен артық жүрсеңіз, медициналық комиссиядан өту керек;
- көрші елде Қазақстанда шығарылған Visa және Mastercard жұмыс істемейді, "Мир" картасын немесе Western Union-ді қолданған дұрыс;
- адраспанды алып жүруге болмайды, әйтпесе түрмеден бір-ақ шығуға болады.

 

ҚР СІМ бұл Ресейдің ішкі шешімі, бірақ кез келген жағдайда қазақстандықтар еліміздің құзыретті органына көмек сұрап хабарласа алады дейді.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.