Қазақстан·1 жыл бұрын

Forbes ең бай қазақстандықтарды атады

Forbes.kz Қазақстанның ең дәулетті адамдарының тізімін жаңартты. Бизнес саласында әжептәуір өзгерістер орын алды, қаржы нарықтары мен ірі миллиардерлердің капиталына әсер еткен банк секторында үлкен мәмілелер жасалды.

Вячеслав Ким
$7,73 млрд

Kaspi.kz директорлар кеңесінің төрағасы рейтингте көш бастап тұр. Forbes.kz ақпараты бойынша компанияның құны - $16,4 млрд, ал Кимнің үлесі $3,5 млрд құрайды.

Шілде айының басында ол активтер көлемі бойынша елдің ең ірі 6 банкінің қатарына кіретін Jusan bank (қазір Alatau City Bank) иесі атанды.

Тимур Турлов
$7,6 млрд

Турлов Freedom Holding Corp қаржы-инвестициялық тобындағы акциялардың 69,28%-на иелік етеді.

Турлов сонымен қатар Freedom Mobile дүкендер желісіне, Tatler Kazakhstan журналына иелік етеді және Chocofamily Naimi.kz, Citix, Bilim Media Group және басқа компанияларда үлесі бар.

Болат Өтемұратов
$6,46 млрд

Осы жылдың шілде айында акциялары күрт қымбаттаған "ForteBank" АҚ-ның 90,91%-на иелік етеді. Сондай-ақ, "КаР-Тел" ("Билайн" байланыс операторы) компаниясында үлесі бар, Астанадағы Ritz-Carlton және Мәскеудегі "The Carlton" қонақ үйлеріне иелік етеді, ал 2025 жылдың қаңтарында The Ritz-Carlton Vienna-ны араб миллиардеріне сатқан. Австриялық БАҚ деректеріне сәйкес мәміле сомасы шамамен 110 миллион еуроны құрады. Наурыз айында ол Burger King франшизасындағы үлесін сатып жіберді.

Владимир Ким
$5,7 млрд

Елдегі ірі тау-кен компанияларының бірі - KAZ Minerals Ltd акциялардың басым бөлігінің иесі болып табылады.

Оған қоса, ол Kazakhmys Holding Limited компаниясының 70% және "Банк RBK" АҚ-ның 89,79% акцияларына иелік етеді.

Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева
Әрқайсында 5,6 миллиард доллар бар

Оларға Қазақстан Халық банкі (Halyk Bank) тиесілі. Олардың ең ірі активі - Qazaq Oil жанармай құю желісіне тиесілі "Қамқор Менеджмент", "PetroRetail" ЖШС үлеске иелік ететін "Кипрос" компаниялар тобы. Сондай-ақ, оларға мұнай өндіру саласындағы "Joint Resources" АҚ және жылжымайтын мүлік саласындағы "Mercury Properties" АҚ тиесілі.

Бөлісу

Қате таптыңыз ба немесе көбірек білесіз бе?

Пікірлер 0