Малика Тұрсын байдарка мен каноэде есуден Азия чемпионатында С-1 санатында 200 метр қашықтықта 18 жасқа дейін санатта ел қоржынына күміс жүлде салды. Біз Маликамен жарыстар мен болашақ жоспарлар туралы сөйлестік.
Малика бізге бұл ол қатысқан үшінші Азия чемпионаты болғанын айтып берді.
Бұл жетістігіңіз туралы айтып беріңізші - бұл сіз үшін нені білдіреді?
Мен үшін чемпионаттардағы әрбір жетістік өте маңызды. Алғашқы әсер ұмытылмас болды.
Қарсыластар туралы не айта аласыз, кімді атап өте аласыз?
Бұл өте қызу жарыс болды. Мен және өзбекстандық спортшы мәреге жеткенше бір-бірімізге беріспедік. Әр есу алтынға татиды. Біз мәрені бір мезетте кесіп өттік, арамыз секундтан аз болды, тек мәре суреттерін қарағаннан кейін ғана менің екінші болып келгенім белгілі болды. Әрине, өкінішті болды, бірақ мұндай сәттер мінезді шыңдайды және үлкен тәжірибе береді. Және біз бұдан күштірек болып ораламыз.
Жарыстан кейінгі сезіміңіз қандай?
Әрине, алтын алғым келді, әсіресе арамызды бір секунд қана бөлген жағдайда. Бірақ мен бұл жарыстың әр секундын бағалаймын. Бұл алға жасалған үлкен қадам және көбірек күш салуға деген ынта. Бұл жағдайда мен үшін күмістің құндылығы алтынмен бірдей болды. Бұл қажырлы еңбек пен мәреге дейінгі күрестің нәтижесі.
Алдағы уақытқа жоспарыңыз қандай?
Әрі қарай жаттығу, алда жақсы нәтиже көрсету керек көптеген жарыстар бар.
Малика Қазақстан чемпионатына (24-28 маусым) және шілде айының соңында өтетін Әлем чемпионатына дайындықты бастамақ.
Каноэде есумен айналыспақ адамдарға қандай кеңес берер едіңіз?
Берілмеңіз және шыдамды болыңыз.
Мақала тегтері