Кіру

|

Тіркелу

Қазақстандағы банктер үшін бірыңғай QR-код іске қосылады

Жарияланған күні: 22.05.2025, 14:59

Автор: Рахимжанова Жамиля

Қазақстандықтар төлем жасайтын QR-кодтар жақын арада банктер үшін бірыңғай болады, деп хабарлады Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов.

 

Яғни, егер мекеме сіз пайдаланбайтын қаржы ұйымының терминалын пайдаланса, сіз бәрібір банк қосымшасы арқылы төлем жасай аласыз деген сөз.

 

Сонымен қатар, түрлі банкттер арасында телефон нөмірі арқылы ақша аудару іске қосылады.

 

Қазір Ұлттық төлем корпорациясы банктерді кезең-кезеңімен жаңа жүйеге қосып жатыр, 9 банкпен шарт жасалды. Ақша аударудың жаңа жүйесіне маусым айында Халық банкі, Freedom Bank, Altyn Bank, RBK және Home Credit Bank банктері қосылмақ. Қалғандары кезең-кезеңімен қосылады.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.