Кіру

|

Тіркелу

Жезқазғанда балалар алаңқайларының шамамен 20% жөндеуді қажет етеді

Жарияланған күні: 30.06.2025, 16:16

Автор: Рахимжанова Жамиля

"Бөгенбай батыр" ықшам ауданының тұрғындары балалар үшін алаңдап отыр. Қала әкімдігінің ақпараты бойынша қаладағы ойын аймақтарының шамамен 20% жөндеуді талап етеді, деп хабарлайды 24KZ телеарнасы.

 

Жезқазғанның бұл бөлігінде 350-ге жуық үй бар. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, балалар көп, ал ойнайтын алаң болса екеу ғана. Ол екі алаң да жөндеуді қажет етеді, ойын алаңдарындағы кейбір конструкциялар балалар үшін қауіпті болуы мүмкін.

 

Қала әкімдігі бұл мәселені шешетіндерін хабарлады, алайда ықшам ауданның көп бөлігі жер үйлерден тұратынын және алаңқай салуға бос учаскелер аз екенін атап өтті.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында қазір аумақ пен бюджетті анықтау мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. Келесі жылы жаңа нысандар салынуы мүмкін.

 

Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен ескі алаңдарды жөндеуге 33 млн теңге бөлінді. Қазір мекенжайлардың тізімі жасалып жатыр. Сонымен қатар, 31 жаңа ойын алаңының құрылысы аяқталып қалды.

 

Біз бұған дейін қаланың вокзал маңында ата-аналар алаңқайды өз күшімен салуға мәжбүр болғаны туралы жазған болатынбыз.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.