Жезқазғандық спортшылар Тайландтың Районг қаласында өткен байдаркада есуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы екі медаль салды.
Тимофей Таранов К4-500 м қашықтықта экипаж құрамында тағы бір алтын медаль жеңіп алды. Команда құрамында Алматы облысынан Михаил Затолоко, Шымкенттен Богдан Яценко және Шығыс Қазақстан облысынан Вильгельм Александр болды. Бұл Тимофейдің осы жарыстардағы екінші алтын медалі.
Қыздар арасында жезқазғандық Виктория Фалалеева мен түркістандық Татьяна Гладкова 23 жасқа дейін К2-500 м қашықтықта күміс жүлдегер атанды.
Жаттықтырушылар - Егор Борисов, Ольга Березинцева және Карина Қуанышева.
Жерлестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!
Мақала тегтері