Бүгін Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қайырымдылық қорының белсендісі және басшысы Перизат Қайратқа алаяқтық және ақшаны заңдастыру туралы іс бойынша үкім жарияланды. Ол 10 жылға бас бостандығынан кесуу жазасына кесілді.
Перизат өткен жылдың қараша айында қамауға алынды. Оған су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшін қазақстандықтар оның қорына жіберген 2,8 млрд теңге жымқырған деген айып тағылды.
Сонымен қатар, Перизат Қайрат анасымен бірге оңалту орталығын салу, мүгедек балаларға көмек көрсету және қоғамдық ұйымдарға көмек беру сылтауымен 126,7 млн теңге жинаған.
Сондай-ақ, қоғам белсендісінің қорына азаматтардан 566,5 млн теңге келіп түсті. Бұл сома тұрғындарға көмектесу үшін Палестина елшілігіне жіберілуі керек еді. Алайда қор басшысы 559,1 млн теңгені иемденген.
Ұрланған ақшаның жалпы сомасы 3,5 млрд теңгені құрайды.
Перизаттың анасы Ғайни Алашбаева да кінәлі деп танылды.
Прокурордың сөзіне қарағанда, Ғайни Алашабаева қызына жымқырылған ақшаны орналастыру үшін өз есепшоттарын берген.
Жасына байланысты ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Екеуі де 10 жыл бойы қайырымдылықпен айналыса алмайды.
Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева жымқырылған ақшаға қымбат көліктер, әшекейлер мен жылжымайтын мүлік сатып алған. Бұл туралы прокурор сотта мәлімдеді.
Атап айтқанда Перизат Қайрат:
- "Akbulak Riviera", "Sensata Plaza", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" элиталық тұрғын үй кешендерінде тұрақ орындарымен бірге пәтерлер;
- "Vela Village" коттедж қалашығынан үй;
- 2024 ж. ш. "Mercedes-Benz S450", 2024 ж. ш. "Lexus LX 600", 2023 ж. ш. "Mercedes-Benz EQE 500 4 matic", 2024 ж. ш. "Haval H6 GT" маркалы көліктер;
- "Rebel Flowers" компаниясының жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін сатып алған;
- 97 млн астам теңге және 22 мың доллар.
Аталғанның бәрі тәркіленді.
Мақала тегтері