Кіру

|

Тіркелу

Ұлытау облысы құрылғалы бері әкімдік су қорғау аймақтарын құрмаған

Жарияланған күні: 31.07.2025, 17:26

Автор: Рахимжанова Жамиля

Ұлытау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы су заңнамасының сақталуына талдау жасады, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

 

Өңірде 68 су айдыны мен су шаруашылық ғимараты бар.

 

"Ұлытау облысы құрылғалы бері 3 жыл өткеніне қарамастан, облыс әкімдігі су объектілерінде су қорғау аймақтары, белдеулер мен оларды шаруашылық пайдалану режимін белгілемеген", - деп мәлімдеді прокуратура.

 

Бұл заңсыз және судың ластануына, бітелуіне және сарқылуына әкелуі мүмкін, сонымен қатар бұл аймақтардың болмауы жаңа нысандардың құрылысына және инвестициялардың тартылуына теріс әсер етті.

 

Енгізілген қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша облыс әкімдігі 30 ірі су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгіледі.

 

Табиғи ресурстар басқармасы басшысының міндетін атқарушы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Прокуратура қалған су айдындары үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерді орнату жұмыстарын бақылауда ұстайды.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.