Ригада екінші дивизионның хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, нәтижесінде Қазақстан төрт жеңіске қол жеткізіп екінші орынға табан тіреді.
Біздің команда Жаңа Зеландия (14:3), Қытайлық Тайбэй (6:0), Нидерланды (11:0) және Латвия (7:4) құрамаларын жеңіп, Ұлыбританияға (3:1) жол берді.
Халықаралық хоккей федерациясының мәліметінше, Сәтбаевтық екі спортшы ару - София Зубкова мен София Муравьева әлем чемпионатының үздік шабуылшысы атанды.
Команданы және жерлестерімізді құттықтаймыз!
Мақала тегтері