Жезқазған соты қала дәріханаларының бірін Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өтпеген және тауарды куәландыратын құжаттары жоқ дәрі-дәрмектердің 40 қаптамасын сақтағаны үшін жауапқа тартты. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Дәріхана өкілі кінәні мойындап, құқық бұзғанын заңды білмегендігімен түсіндірді. Мекемеге 550 мың теңге айыппұл салынды. Дәрі-дәрмектер тәркіленіп, жойылады.
Мақала тегтері