Денсаулық сақтау министрлігі әлемде жіті респираторлық инфекцияның метапневмовирустың таралуы туралы БАҚ хабарламаларына жауап берді.
Метапневмовирус - көптеген елдерде ондаған жылдар бойы таралған классикалық вирус. Яғни, бұл кәдімгі маусымдық ауру.
Ол ауа-тамшылы жолмен таралады. Инфекцияның негізгі белгілері - жөтел, мұрын біту, ентігу, қызба, бас ауруы. Арнайы емі жоқ.
Қазіргі уақытта елде ең көп таралған вирус - риновирус (елдегі барлық вирустардың 36%), ал метапневмовирус тек 1,6%-ды құрайды.
Алдын алу шараларын сақтау және адамдар көп жиналатын жерден аулақ болу ұсынылады. Әсіресе созылмалы ауруларыңыз болса. Қазір барлық жерде ЖРВИ және тұмаудың маусымдық өршуі тіркелуде.
Мақала тегтері