Жезқазғанның Батыс ауданында заманауи сәулет және білім беру стандарттарына сай келетін жаңа оқушылар сарайы салынады.
Ұлытау облысының әкімдігі мен Болат Өтемұратов қоры өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құрылыстың барлық шығынын Қор өз мойнына алып, жобаны бастан аяқ жүргізбек.
Оқушылар сарайы өңір жастарының білімді және шығармашыл болып қалыптасуына қолдау көрсететін алаңға айналады.
Құрылыстың басталуы 2025 жылдың тамызына жоспарланған.
Мақала тегтері