Кіру

|

Тіркелу

Ұлытау облысында адам азаптады деп айыпталған үш полицей сотталды

Жарияланған күні: 12.06.2025, 13:03

Автор: Рахимжанова Жамиля

Полицияның үш қызметкері ер адамды азаптағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды облыстық сот.

 

Сот өткен жылдың 14 тамызына қараған түні Жаңаарқа ауданының полиция бөлімі ғимаратының әжетханасында үш полиция қызметкері ер адамды ұрып-соғып, азаптағанын анықтады.

 

Прокурор сотталушыларды 6 жылға бас бостандығынан айыруды және полицияда 3 жыл жұмыс істеуге тыйым салуды сұрады. Айыпталушылар кінәсін мойындамаған және ақтауды талап еткен.

 

Нәтижесінде сот әрқайсысына мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында үш жылға қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сот екі сотталушының кәмелетке толмаған балалары барын жазаны жеңілдететін жайт ретінде қарастырған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Айыпталушылар ҚР ҚК 146-бабы 3-бөлігінің 1, 3-тармақтары бойынша – "қатыгез, адамгершілікке жат немесе ар-намысты қорлау, азаптау" бабы бойынша сотталды.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.