1-2 шілде аралығында Болгарияның Варна қаласында Киокушинкай каратэден (KWU) Әлем Кубогы өтті, деп хабарлайды etozhez.
Жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен 500-ге жуық спортшы қатысты. ҚР құрама командасының құрамында Ұлытау облысының каратэшілері өнер көрсетті.
Спортшыларымыз қол жеткізген нәтижелер келесідей:
Күміс - Көшербаева Іңкәр 60 келіге дейін 14-15 жас санатында.
Қола - Құланбаев Асылхан, 70 келіге дейін 16-17 жас санатында.
"Қаржылық көмек көрсеткен "Ұлытау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ басшылығына және ата-аналарға алғыс айтамыз. Бір спортшымыз үш жекпе-жек, екіншісі төрт жекпе-жек өткізді. Қызымыз жартылай финалда, ер бала финалда жеңіліс тапты. Олардың қарсыластары әлемнің басқа елдерінен келген мықты спортшылар болды. Біздің балалар үлкен тәжірибе жинақтап қайтты, келесі жылы алтын медаль жеңіп алуға тырысатын болады", - деп атап өтті бапкер Қуатбек Тоқтыбаев.
Спортшыларымыз елге кеше түнде ғана оралды. Ауыр сапардан кейін спортшыларды туыстары мен жақындары қарсы алды.
Мақала тегтері