Кіру

|

Тіркелу

Ұлытау облысында 4 баланың анасы анестезиядан кейін қайтыс болған

Жарияланған күні: 16.05.2025, 15:01

Автор: Рахимжанова Жамиля

Көп балалы ана аппендицитті алып тастау операциясы кезінде Жаңаарқа кентінің аудандық ауруханасында қайтыс болды. Әйелдің туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр деп хабарлайды КТК.

 

Анестезия жасалғаннан кейін бірден пациентте анафилактикалық шок, артынша кома және ми ісінуі пайда болған. 42 жастағы Гүлнұр Жұанышбаеваның артында төрт баласы қалды, балалардың кенжесі 3 жаста.

 

Туыстарының сөзіне қарағанда, дәрігерлер Гүлнұрдан операция алдында аллергиялық сынақ алмаған.

 

"Операцияға дейін 4-5 сағат уақыт болды, ол ес-түсінде еді, оны Қарағандыға алып баруға болар еді.  Біздің ауруханада ондай мүмкіндік жоқ. КЩС-картридждері жоқ, КТ-аппараты істемейді, натрий хлориді, кальций хлориді секілді кәдімгі жұмсалатын материалдары да жоқ. Мұның бәрін өздері құжаттарында көрсеткен.  Аудандық орталық ауруханада осындай жағдай қалай болуы мүмкін?! Бұл немқұрайлылық", - деді марқұмның ағасы.

 

Гүлнұрдың туыстары құжат жинап, қажетті сараптамаларға жолдауда, олап кінәлілердің бәрін жауапқа тартуға ниетті.

 

Аудандық аурухананың жұмысына жергілікті тұрғындар да наразы. Мекемеде мамандар жоқ. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы аурухана директорын жұмыстан босатты, сондай-ақ қазір кадрлар іздеумен айналысып жатыр. Сонымен қатар, аурухана орынбасары, хирург пен анестезиолог жұмыстан шеттетілді. Тексеріспен ауруханаға енді облыстық басшылы

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.