Жезқазғандықтар жыл басында ашылған "Жігер" спорт кешенінің жаңа ғимаратында химиялық иісті сезді.
Бұл жайлы жазған кісі "Жігер" кешеніде өткен би чемпионатына барған. Оның сөзіне қарағанда, мәселе желдету мен ауа баптағыштың жоқтығында.
Біз ДСК директорынан мұның немен байланысты екенін сұрадық.
"Бассейн суының сапасын сақтау үшін спорт кешенінде хлор, эквиталл (суды тазартуға арналған реагент), кристаллпул MINUS (рН деңгейін қажетті деңгейде сақтайды) қолданылады.
Бұл химиялық заттар судың сапасын сақтау және бассейннің санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Басқа артық химиялық заттар қолданылмайды".
Ғимарат басшылығы сонымен қатар желдету жұмыс істейтінін және ауа баптағыштар бір апта ішінде қосылатынын мәлімдеді.
Мақала тегтері