Кіру

|

Тіркелу

Мысырда Қазақстан азаматшасы қайтыс болды

Жарияланған күні: 19.05.2025, 15:08

Автор: Рахимжанова Жамиля

17 мамыр күні Шарм-эль-Шейх әуежайында қайғылы оқиға орын алды: күту аймағында жарнама қалқаны құлап, бір әйел қайтыс болды. SCAT әуекомпаниясының мәліметі бойынша, барлығы төрт адам зардап шеккен.

 

Олардың арасында біздің отандастарымыз болды, бір әйел, өкінішке орай қайғылы оқиғадан көз жұмды. Тағы екі қазақстандық жеңіл жарақат алды.

 

Куәгерлер Tengri Travel басылымына "Жарнамалық билборд Қазақстаннан келген туристерге құлады. Олардың бірі ауыр жағдайда болды. Жедел жәрдем келген кезде қатты соққыдан құлақ пен мұрыннан қан кеткен. Ес-түссіз жатты. Екіншісі шок күйінде қатты жарақат алған" деді.

 

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілгенін, олардың денсаулығына қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

 

Мысыр тарапы көңіл айтып, Мысырдың азаматтық авиация министрі тергеу шараларын жүргізу үшін оқиға орнына комиссия жіберді. Қазақстан елшілігі де бұл оқиғаны бақылауда ұстап отыр.

 

Tengrinews.kz хабарланғандай марқұм Ақмарал Мұқанова Ақтөбе облысының ішкі істер органдарында көп жыл жұмыс істеп, зейнетке шыққан.

 

 

Қаза тапқан азаматшаның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.