Ел халқының шамамен 30%-ы лас ауамен тыныстап жүр, деп хабарлайды etozhez DataHub_FCBK-ге сілтеме жасап.
5 маусым күні әлемде экология мәселелеріне назар аудартуға арналған Қоршаған орта күні атап өтілді. DataHub соңғы бес жылдағы көрсеткіштердің негізінде келесідей талдау дайындады. Белгілі болғандай, 6,2 миллионға жуық қазақстандық экологиясы нашар қалаларда тұрады екен.
Мәселен, Қазгидромет мониторингінің деректері бойынша соңғы бес жыл ішінде Алматы, Қарағанды, Астана, Жезқазған, Теміртау қалаларында ауаның ластану деңгейі тұрақты түрде жоғары болған. Аталған қалаларды шамамен 4,5 миллион адам тұрады.
I тоқсанда ауасы қатты ластанған аймаққа жалпы халқы 4,4 миллионға жуық алты қала кірді:
* Қарағанды,
* Алматы,
* Астана,
* Талғар,
* Сәтбаев,
* Лисаковск.
Ластану деңгейі жоғары аймаққа шамамен 1,8 миллион халқы бар тағы 14 елді мекен кірді:
* Теміртау,
* Орал,
* Түркістан және т.б.
Мақала тегтері