12 қыркүйекте бүкіл Қазақстан бойынша 20 қалада Decentrathon 4.0 ірі офлайн-хакатоны басталады, ол бір мезгілде 2500-ден астам адамның қатысуымен өтеді.
Хакатон - бұл IT-әзірлеушілер арасындағы жарыс. Қатысушылар топқа бөлініп, нақты кейстермен жұмыс істейді, тәлімгерлердің қолдауына ие болады және жобаларды сала сарапшыларының алдында қорғауға дайындайды.
Бағдарламашылар Web3.0, блокчейн технологиясы және жасанды интеллектке қатысты тапсырмаларды шешеді.
Іс-шараны Astana Hub Blockchain & AI Technology Center (BAITC) бірлесіп, Цифрлық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды. AI-тректің эксклюзивті серіктестері "Банк ЦентрКредит", BCC-HUB мансаптық орталығы және InDrive болды. Blockchain бағыты бойынша серіктес - Solana blockchain платформасы.
Хакатонның финалистері өз жобаларын әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге Digital Bridge 2025 халықаралық конференциясында ұсынады.
🗓 12-14 қыркүйек
📍 Жезқазған, Абай көшесі 99, Ulytau hub.
Мақала тегтері