Кіру

|

Тіркелу

Жезқазған зооқорғаушылары бұралқы жануарлардың эвтаназиясына қарсы

Жарияланған күні: 08.09.2025, 19:03

Автор: Рахимжанова Жамиля

"Живи" жануарларға көмек қоры әлеуметтік желілерде Президенттен "жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңға жаңа түзетулер енгізуді сұрайтын пост жариялады.

 

2021 жылы санын реттеу үшін бұралқы жануарларды өлтіруге тыйым салатын заң қабылданды. Қараусыз қалған мысықтар мен иттер, егер бес күн ішінде иесі табылмаса, зарарсыздандырылып, піштіріліп баспанаға немесе табиғатқа жіберілуі керек. Жануарларды олар адамға қауіп төндірмесе көзін құртуға болмайды.

 

Қазір депутаттар болса бұралқы жануарлардың ұсталғаннан кейін 5 күн ішінде эвтаназия жасауды қайтаруды, бюджет есебінен вакцинациялауды алып тастауды және Vlast.kz. хабарлағандай Ұлытау облысы сияқты уақытша ұстау пункттері жоқ өңірлерде бұралқы жануарларды өлтіруге рұқсат беруді ұсынып отыр.

 

Қор жазып отырғандай, бұралқы жануарлар адам жауапсыздығының нәтижесі, себебі бұралқы жануарлардың көбі тасталған үй жануарлары. Белсенділер зарарсыздандыру, вакциналау, ағарту, жануар иелерінің қатаң жауапкершілігі сияқты мәселені шешудің адамгершіл және тиімді әдістерін ұсынып отыр.

 

"Қазақстанда бір жарым миллионға адамның үй жануары бар. Әртүрлі екенімізге қарамастан, қатыгездікке төзбеушілік сияқты бәрімізді біріктіретін бір нәрсе бар. Біз бұралқы жануарлардың тағдыры көзін құрту арқылы шешілуі керек деген пікірмен келісе алмаймыз", - деп жазады "Живи" қоры.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.