Кіру

|

Тіркелу

Жалған дәріхана: алаяқтар науқас қазақстандықтарды алдап жатыр

Жарияланған күні: 22.04.2025, 16:02

Автор: Рахимжанова Жамиля

Aqparatsaqsysy Telegram арнасы дәрі-дәрмектерді онлайн сатып алу кезінде алаяқтардың тұзағына түспеу жолдары туралы айтып берді.

 

Алаяқтар қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алуға болатын ресми интернет-дәріханалардың айна қатесіз клон сайттарын жасап, осылайша адамдарды алдайды. Ақша сатып алушының картасынан кеткенімен, дәріні алу мүмкін болмайды.

 

Дәрі сатылатын сайттың жалған екенін қалай білуге болады?

- егер сайтта сатушы туралы деректер мен оның контактілері болмаса;
- дәрі бағасы басқа сайттарға қарағанда әлдеқайда арзан болса;
- дүкен жақында ашылған болса бұл алаяқтардың құрған тұзағы.
Мұны be1.ru немесе whois.domaintools.com арнайы сайттарда тексеруге болады, мысалы: парақша мекенжайын енгізіп, "домен қашаннан бері істейді" немесе "Dates" тармағын қараңыз.
- сайттың мекенжайын тексеріңіз, онда артық әріптер болуы мүмкін;
- тауарлардың сипаттамасы болмаса немесе басқа сайттарда жазылған сипаттамадан мүлдем өзгеше болса;
- менеджерлер қоңырау шалып сатып алуды сұраса;
- түсініксіз төлем жүйелері арқылы немесе жеке тұлғаның картасына ақша аудару арқылы алдын-ала төлем талап етілсе;
- сатушы компанияның ресми лицензияларының орнына төлқұжатының скан көшірмесін ұсынып жатса бұл жалған сайт деген сөз.

 

Сақ болыңыз және күдікті веб-сайттарда банктік карта деректерін енгізбеңіз.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.