Теннисші Зарина Дияс Түркияның Кайсери қаласында өткен ITF W 50 турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис Федерациясы хабарлады.
Финалда Зарина Дияс беларуссиялық Алена Фалеймен кездесті. Бірінші сетте теннисші қызымыз 0:6 есебімен жеңілгенімен, қалған екі сетте 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Зарина Дияс үшін бұл биыл жеңіп алған бірінші турнир болды.
Мақала тегтері