Испандық El Mundo газеті "Реал" - "Қайрат" матчы қарсаңында қазақстандық командаларда ойнайтын испандық футболшылар - Сито Риерадан, алматылық клубтың бұрынғы ойыншысы және қазір "Ұлытау" құрамында өнер крсетіп жүрген қорғаушы Хосе Каррильодан сұхбат алды.
Олардың сөзіне қарағанда, Қазақстан - бұл нағыз мәдени шок. Ойынға келетін болсақ, испандықтар біздің ойыншылрды "күрескер" деп атайды.
"Олар өзін жауынгер деп санайды және бұны ойында көруге болады. Күрес, арпалыс. Олар үшін футбол жүгіріс пен күрес, ойынды бақылау жоқ және допқа көп мән бере қоймайды", - деді Каррильо.
Риера болса елімізде Еуропада сияқты көше футболы жоқ деген пікір айтты.
"Жауынгер мінезді, нәтижеге тер төгіп қол жеткізеді", - дейді испандық футболшы.
Аударма: Tengrinews.kz.
Мақала тегтері