Кіру

|

Тіркелу

Ұлытау облысы инвестициялар және құрылыс көрсеткіші бойынша үздік өңірлердің қатарына енді

Жарияланған күні: 23.06.2026, 11:32

Автор: Рахимжанова Жамиля

Соңғы үш ай бойы Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары мен негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің өсу қарқыны бойынша еліміздің үздік өңірлерінің қатарына тұрақты түрде кіріп отыр, деп хабарлайды облыс әкімдігі.



Сонымен қатар, өңіріміз соңғы бес айдың қорытындысы бойынша бірден екі негізгі көрсеткіш — құрылыс жұмыстарының көлемі және негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бойынша республикада бірінші орынға шықты.



Статистикалық деректерге сүйенсек, облыста орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 87,5 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 есе көп. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2,5 есеге артып, 125,4 млрд теңгеге жетті.


Қол жеткізілген нәтижелер өңір экономикасының тұрақты дамып жатқанын, инвестициялық ахуалдың жақсарғанын және іске асырылып жатқан жобалардың жоғары тиімділігін көрсетеді.



Бүгінгі таңда Ұлытау облысында өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ әлеуметтік нысандар құрылысы салаларында бірқатар ірі жобалар іске асырылып жатыр.



Жақында Жезқазғанда жаңа заманауи емхананың құрылысы басталды. Ғимараттың алғашқы кірпішін қалау рәсімі 20 маусымда өтті және Медицина қызметкерлері күніне орайластырылды.



Медициналық мекеме қазір жаңа тұрғын аудан белсенді дамып келе жатқан қаланың батыс бөлігінде салынбақ. Мұнда қазірдің өзінде тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізіліп жатыр. Болашақта бұл ауданда 80-нен астам көпқабатты үй салу жоспарланған, ал халық саны 18 мың адамға жетуі мүмкін. Осыған байланысты медициналық көмек мәселесі шағын ауданның болашақ тұрғындары үшін маңызды мәселелердің біріне айналмақ.


Заманауи емхана тәулігіне 250 келушіні қабылдай алады, сондай-ақ тұрғындар үшін сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырады деп жоспарланған.



Сәтбаев қаласында да бір қатар игі бастама қолға алынды. Қала жасыл энергияға бет бұрды. Қазір мұнда инвестордың қаражаты есебінен күн электр станциясының құрылысы жүзеге асырылып жатыр. Қала аумағында жаңа күн электр станциясын салу үшін жалпы ауданы 28 гектар жер телімі бөлінді. Болашақ станцияның қуаты - 4,9 мегаватты құрайды.



Жобаны іске асыру өңірдің инвестициялық әлеуетін арттырады, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамытуға серпін береді.



Қаражалда Платон Кляцкий атындағы паркті ауқымды жаңарту жоспарланған. Қоғамдық кеңістікті абаттандыру жобасын іске асыру үшін Қаражал қаласының әкімдігі мен "Qarmet" ЖШС арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бастама барлық жастағы тұрғындар үшін заманауи, жайлы және қауіпсіз демалыс аймағын құруға бағытталған.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.