Кіру

|

Тіркелу

Балалар есірткіге қарсы: Ұлытау облысында сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

Жарияланған күні: 25.06.2026, 14:46

Автор: Рахимжанова Жамиля

Ұлытау облысында полиция департаментінің бастамасы бойынша ұйымдастырылған "Менің таңдауым – есірткісіз өмір" бейнероликтер мен суреттер байқауының қорытындысы шығарылды. Шығармашылық жобаға облыстың түрлі қалалары мен аудандарынан жүзге жуық оқушы қатысты. Олар өз шығармалары арқылы нашақорлық проблемасына деген көзқарасын білдіріп, саламатты өмір салтын жақтады.



Байқау жасөспірімдер арасындағы есірткі қылмысының алдын алуға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған. Әдеттегі дәрістердің орнына ұйымдастырушылар оқушыларға есірткіге жоламаудың неліктен маңызды екендігі туралы өз бетінше жеткізуді ұсынды. Ол үшін қатысушылар тыйым салынған заттардың қауіптілігіне, денсаулық құндылықтарына және саналы таңдауға арналған бейнероликтер жаспа, сурет салды.



Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, қазылар алқасы жұмыстың көркемдік орындалуын ғана емес, олардың мазмұнын, идеяның ерекшелігін және әлеуметтік маңыздылығын бағалаған. Көптеген қатысушылар құрдастарын саламатты өмір салтын ұстануға және жаман әдеттерге бой алдырмауға шақыратын эмоционалды және мазмұнды жобалар ұсынды.


Жезқазғанның №8 гимназиясының оқушысы Жорабек Биболаттың жұмысы үздік бейнеролик атанды. Бірінші орынды Сәтбаев қаласының №16 мектебінің оқушысы Ақзере Мұратбекқызы иеленді. Екінші орын Жезқазғанның №8 гимназиясының оқушысы Дінмұхамед Данаға берілді. Үшінші орынды Жезқазған қаласының №1 мектебінің оқушысы Ахмедияр Даниярұлы және Ұлытау ауданының №2 мектебінің оқушысы Інжу Баташ бөлісті.



Сурет байқауының жеңімпаздары да анықталды. Бас жүлдені №133 Жезқазған мектебінің оқушысы Жақыпова Айжаным олжалады. Жаңаарқалық Тәңірберген Аянат бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Аманжол Асылхан мен Жұмекенова Әлия, ал үшінші орынды Мұханбетай Медина, Аманжолова Райана және Айтжан Жәния иеленді.



Марапаттау рәсімін Ұлытау облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов өткізді. Ол оқушыларға байқауға белсенді қатысқандары үшін алғысын білдіріп, мұндай бастамалар жастарға есірткіні қолданудың салдары туралы ойлануға және саламатты өмір салтын таңдауға көмектесетінін атап өтті.



Полицейлер жасөспірімдермен профилактикалық жұмыс жүргізу жастардың өздері осы жұмысқа қатысушы болған кезде әлдеқайда тиімдірек болады деп санайды. Шығармашылық арқылы мектеп оқушылары өз қабілетін ашып қана қоймай, маңызды әлеуметтік идеяларды құрбы-құрдастарына жеткізуге көмектеседі.



Ұйымдастырушылар мұндай байқауларды алдағы уақытта да өткізу жоспарда барын атап өтті. Басты мақсат - өскелең ұрпақтың бойында есірткіден аулақ болу сезімін қалыптастыру, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту және саламатты өмір салтын насихаттау.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.