Жезқазған қаласында байдарка мен каноэде ескек есушілерді даярлайтын жаңа спорт мектебі пайдалануға берілді. Заманауи стандарттарға сәйкес салынған екі қабатты ғимарат спортшыларды жан-жақты даярлау үшін қажет нәрсенің бәрімен жабдықталған. Мұнда теориялық сабақтарға арналған оқу сыныптары, жаттығу залдары, душ және киім ауыстыратын бөлмелер бар.
Бұрын өңір спортшылары осы спорт түрімен тек жазғы кезеңде ғана айналыса алатын болса, енді жаңа мамандандырылған нысанның ашылуымен жаттығуларды жыл бойы өткізуге мүмкіндік туды. Сонымен қатар, қыс мезгілінде ескек есушілер үшін шаңғы спортымен айналысу арқылы жалпы дене шынықтыру үшін жағдайлар жасалған. Бұл спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыру және республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін берік негіз болмақ.
Ашылу салтанаты барысында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков ескек есудің өңір үшін айрықша маңызы бар екенін атап өтті.
"Ескек есу біздің өлкеміздің спорттық тарихында лайықты орын алады және көптеген дарынды спортшыларды тәрбиелеген. Жаңа мектептің ашылуы - бұл керемет дәстүрдің жалғасы. Біз жас спортшылардың кәсіби өсуіне және олардың халықаралық аренада табысты өнер көрсетуіне барлық қажетті жағдайларды жасаймыз", — деп атап өтті өңір басшысы.
Айта кетері, бүгінгі таңда Ұлытау облысында 9 жаңа спорт кешені пайдалануға беріліп, спорт инфрақұрылымы 25 пайызға жаңартылған. Бұл бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі.
Айта кетері, осы күні жаңа спорт нысаны орналасқан Жезқазған қаласының батыс бөлігінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ғимаратының ашылуы өтті. Бұл облыс орталығының жаңа ауданының жүйелі және серпінді дамуының айқын дәлелі.
Жалпы, қаланың жаңа бөлігі заманауи өсу нүктесі мен өңірдің қарыштап дамуының белгісі. Ағымдағы жылдың маусым айында мұнда Оқушылар сарайы ашылады деп жоспарланған, сондай-ақ жаңа емхананың құрылысы басталмақ. Бұл жобаларды іске асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі нығайтуға бағытталған.
Мақала тегтері






