"Мемсараптама" РМК Жезқазғанда мұз аренасы мен бассейні бар спорт сарайын салуға оң қорытынды берді.
Жоба екі қабатты спорт кешенін салуды көздейді, оның құрамына 1000 көрерменге шақталған трибуналары бар мұз залы, көлемі 50×25 метр олимпиадалық стандарттағы жүзу бассейні, сондай-ақ жаттығу құрылғылары залы мен сауықтыру аймақтары бар SPA-блок кіреді.
Нысан хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, жүзу және су полосы бойынша оқу-жаттығу процесі мен жарыстарды өткізуге арналған.
Жобаның тапсырыс берушілері - облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы, бас жобалаушы – "Проектно-строительная компания "ППК"" ЖШС.
Мақала тегтері






