Кіру

|

Тіркелу

Кипрдегі самбодан әлем чемпионатында спортшыларымыз олжалы болды

Жарияланған күні: 22.10.2024, 17:28

Автор: Рахимжанова Жамиля

Кипр Республикасындағы Ларнака қаласында облысымыздың спортшылары қатысқан кадеттер мен жасөспірімдер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан жастар арасындағы әлем біріншілігі өтті.

 

Ұлытау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары, сондай-ақ олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының құрамында өнер көрсетіп, медальдар үшін күресіп, жоғары нәтижелер көрсетті.

 

Алшымбек Абылайхан 88 келі салмақ дәрежесінде үшінші орын алып, Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына қола медаль салды. Жерлесімізге Литва мен Өзбекстан өкілдері қарсылас болды. Бірінші орынды ФИАС спортшысы (ұлттық самбо федерацияларын біріктіретін үкіметтік емес коммерциялық емес ұйым) Николай Булдаков жеңіп алды.

 

Дінисламов Дінмұханбет +98 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, самбодан жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Дінмұхамбет украиналық Богдан Сычевскиймен кездесіп, жеңіске жетті, бірақ ақтық жекпе-жекте Спориш Михаилге жол берді.

 

Қазақстанның спорттық жетістіктеріне үлес қосқан екі финалист-балуанды әлемдік жарыстарға дайындаумен айналысқан жауынгерлік самбодан белгілі жаттықтырушы Береке Әскербекұлы Отыншиннің еңбегі ерекше. Екі жас спортшы Жезді кентінен шыққан жаттықтырушылары - Бөлтірік Алшынбек пен Талғат Әбдішевтің үмітін толық ақтады.

 

Самбодан жастар арасындағы біріншілік 2024 жылдың 11-13 қазанында 55 салмақ дәрежесінде өтті.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.