28-30 маусым аралығында Шинкиокушинкай каратэден "ASTANA CUP" халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды etozhez.
"КАЙ" командасының жауынгерлері керемет нәтиже көрсетіп, екі алтын мен екі қола жеңіп алды.
Алтын
* Мирослав Дементьев;
* Әбілмансур Жеңіс.
Қола
* Мансур Боранбай;
* Толғанай Әділхан.
"Көбі қиын жекпе-жектер өткізді, клубымыздың тәлімгерлерінің жекпе-жектерін тіпті қараудың өзі қиын болды, барлық бапкерлер тамағын қарлықтырып алды, бірақ мұның бәрі төккен тердің ақталып жатқанын көруге тұрарлық", - деп жазылған хабарда.
Сонымен қатар, "Серебряный леопард" командасы үш қола медаль жеңіп алды
* Денис Фатянов – 35-45 жас аралығындағы 75 келіден астам салмақ дәрежесінде ардагерлер арасында;
* Альберт Ефремов – 6-7 жас 25 келіге дейін;
* Злата Малахова – 8-9 жас санатында абсолюттік салмақ дәрежесінде.
"Бұл турнир жыл сайын өткізілетін турнир емес, ол төрт жылда бір рет өткізіледі, ал қалған уақытта, яғни үш жыл қатарынан дәстүрлі республикалық турнир өткізіледі. Түрлі елдерден қатысушылар көп болды", - дейді "Серебряный леопард" федерациясының президенті Денис Фатьянов.
Айта кетері, шаршы алаңға 5 елден (Моңғолия, Грузия, Қырғызстан және Өзбекстан) және Қазақстанның 15 облысынан 600-ге жуық қатысушы шықты.
Мақала тегтері






