Жас келіншектің өлімі елді дүр сілкіндірді. Полиция 19 жастағы Мадина Рашидкызының өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қайғылы оқиға Жамбыл облысының Меркі ауылында орын алды.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қарағанда, қайтыс болардан сәл бұрын Мадина құрбысымен хат алмасып, 8 айлық балаға сатып алынған "Барни" бисквитін жеп қойғаннан кейін күйеуі оны соққыға жыққан деп жазған. Сондай-ақ, марқұм ажырасқалы жатқанын айтып, қарызға ақша сұраған.
Болған жағдай мен арты қайғылы оқиғамен аяқталған жанжал арасындағы байланыс ресми түрде расталмағаны атап өтілді.
Полиция қызметкерлері қолда бар мәліметтерді зерделеп жатыр.
Трагедия басқа елдерде де резонанс тудырды. Threads әлеуметтік желісіндегі жазба қазірдің өзінде 30 мыңнан астам лайк жинаған.
Бұл оқиға басқаларды өз хикаясын айтып беруге түрткі болған. Қазір әлеуметтік желіде тұрмыстағы зорлық-зомбылық пен айналадағы адамдардың немқұрайлығы қызу талқыланып жатыр.
ҚМДБ-да ер адам әйел затына қамқор болуы керек деп мәлімдеді. Бас мүфтидің айтуынша, ер адамның күші білекте емес, сабырлы болуында.
Мақала тегтері






