Кіру

|

Тіркелу

Жезқазғанда 1000 орындық Binom мектебі салынады

Жарияланған күні: 25.08.2026, 13:17

Автор: Рахимжанова Жамиля

Ұлытау облысында жаңа мектептер мен балабақшалар салынады, деп хабарлайды қала әкімдігі.



Өңір басшысының айтуынша, биыл Жезқазған қаласының Батыс ауданында 1 000 орындық BINOM мектебінің құрылысы басталады. Сонымен қатар, Жаңаарқа ауданында 600 орындық, Түгіскен ауылында 300 орындық, Жезқазған қаласында 900 орындық және Сәтбаев қаласында 600 орындық мектеп салу жоспарланған.



Ұлдарға және қыздарға арналған "Білім-инновация" лицейлері интернат-жатақханаларымен бірге салынады.



Сондай-ақ, облыста Назарбаев Зияткерлік мектебін ашу да жоспарланып отыр.



Кеңгір ауылында 320 орындық, Сәтбаев қаласында 280 орындық жаңа балабақшалардың құрылысы басталады.



Қаражалда және Манадыр станциясында жаңа мектептер пайдалануға беріледі.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.