Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еліміздің қай өңірлерінде сыбайлас жемқорлық фактілері жиі анықталатынын айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомство 2024 жылы 1346 қылмыстық құқық бұзушылық жасалғанын, оның 75%-ы сыбайлас жемқорлыққа байланысты болғанын айтып берді.
Пара ең көп елордада (155), Шымкентте (89) және Алматы облысында (68) беріледі екен. Ұлытау (20), Маңғыстау (22) және Ақмола (24) облыстарында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың ең аз саны анықталды.
Өткен жылы сыбайлас жемқорлық үшін 988 адам жауапқа тартылды, қылмыскерлер мемлекетке (сотқа дейінгі аяқталған тергеулер бойынша) 486 млрд теңгеден астам шығын келтірген, оның 371,2 млрд теңгесі өтелді. Көбінесе әкімдік қызметкерлері (223 қылмыс) мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері (106 қылмыс) парақор болып шықты
Бұл ретте 2022-2024 жылдар аралығында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар саны 9%-ға, 1118-ден 1015 жағдайға дейін азайды.
Мақала тегтері