Кіру

|

Тіркелу

Қосылған құн салығы - 16%. Мәжілісте Салық кодексіне түзетулер қабылданды

Жарияланған күні: 30.04.2025, 16:12

Автор: Рахимжанова Жамиля

Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда Салық кодексіне түзетулер қабылдады. Әуел баста ұсынылған мөлшерлеме 16%-ға дейін төмендеді, қосылған құн салығы бойынша есепке қою шегі - 40 млн теңгені құрады.

 

Сондай-ақ, дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге салынатын қосылған құн салығының мөлшерлемесі 2026 жылдан бастап 5%-ды, ал 2027 жылдан бастап 10%-ды құрайды.

 

Тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың кепіл берілген көлеміне кіретін тауарлар мен қызметтер; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, отандық кітаптар мен оларды басып шығару қосылған құн салығынан босатылады.

 

Алкоголь, темекі мен энергетик сусындарға салынатын акциз артады.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.