Кіру

|

Тіркелу

Зерттеу: Халықтың 76%-ы президентке сенеді

Жарияланған күні: 05.05.2025, 17:29

Автор: Рахимжанова Жамиля

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша халықтың үкіметке сенетіні белгілі болды. Сауалнама ағымдағы жылдың 20 наурызы мен 20 сәуірі аралығында жүргізілді, оған бүкіл ел бойынша 18 жастан асқан 8 мың респондент қатысты.

 

ҚСЗИ хабарлағандай, сұралғандардың 73,3%-ы ел дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді. Бұл ретте, үкіметті жастар яғни сауалнамаға қатысқан 18-29 жас аралығындағы адамдар көбірек (82%) қолдайды.

 

Халықтың 76,4%-ы Мемлекет басшысына сенеді. 60,8%-ы алдағы бес жылда елдің дамуын бағалауда оң пікір білдірді. 57,3%-ы өз өмірлеріне "толық қанағаттанған", тағы 32,8%-ы "қанағаттанған" деп жауап берді, яғни сауалнамаға қатысқандардың 90,1%-ы жағдайларына риза.

 

Бір қызығы, бұл жауаптар 1100 адам қатысқан Demoscope қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы жүргізген сауалнамадан ерекшеленеді: ол сауалнаманың нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің тек 19.9%-ы алдағы жылы қаржылық жағдайларына сенімді; 32.2% үкімет елдегі мәселелерді шешуде сәтсіздікке ұшырады деп жауап берді.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.