Кіру

|

Тіркелу

Қазақстанда инфляция шарықтап барады

Жарияланған күні: 03.03.2025, 17:19

Автор: Рахимжанова Жамиля

2025 жылдың ақпанында жылдық инфляцияның өсуі (9,4%) байқалады. Бір айда инфляция 1,5%-ға өсті. Деректер Ұлттық статистика бюросынан алынған. 

 

Ақылы қызметтердің бағасы 14,1%-ға, азық-түлік тауарлары - 6,5%-ға, азық-түлік емес тауарлары - 8,3%-ға қымбаттады.

 

Өткен жылдың ақпан айымен салыстырғанда коммуналдық қызметтердің бағасы да өсті:

 

суық су - 70,7%-ға; ыстық су - 14,5%-ға;
электр энергиясы - 21%-ға;
жылу - 18,2%-ға;
газ және қоқыс шығару - 11,1%-ға.

 

Азық-түлік қымбаттады:

 

картоп - 62,1%-ға;
пияз - 27,3%-ға;
қырыққабат - 20,2%-ға;
алкоголь және темекі өнімдері - 13%-ға; 
сары май - 12,2%-ға;
шырындар - 10,6%-ға.
ет - 6,2%-ға;
жемістер мен көкөністер - 9,3%-ға;
сүт өнімдері - 6,1%-ға.

 

Сонымен бірге күріш, сәбіз және жұмыртқа бағасының төмендеуі байқалды, қарақұмық 20,4%-ға арзандады.

 

Жол жүру де қымбаттады:

 

Пойыз билеттері 20%-ға, әуе биллетері 12,5%-ға және автобус 10,5%-ға қымбаттады.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.