Сенат бірқатар нормалармен келіспей, заң жобасын Мәжіліске пысықтау үшін қайтарды.
Құжаттағы ең аты шулы түзетулердің бірі сынға ұшырады. Сенат уақытша ұстау пунктіне түскеннен кейін 5 күн өткен соң эвтаназия жасаудан бас тартуды, оның орнына әр өңірге бұралқы иттер санын реттеудің тәртібі мен мерзімін өздері анықтауға мүмкіндік беруді ұсынды.
Сенаторлар сондай-ақ жануарлар санын реттеу кезінде "эвтаназия" терминінен бас тартты.
Ит-мысықтарды иесіз деп санауға болатын ұғымдар қайта қаралды. Заңда чиптері жоқ төрт аяқтыларды бұралқы жануарларға жатқызу ұсынылды. Сенатта барлық үй иттеріне бірдей чип салынбағанын алға тартты. Сондықтан жануарды бұралқы деп тану үшін иесінің болмауы негізгі белгі болып қалуы керек дейді.
Мақала тегтері






