Кіру

|

Тіркелу

Елімізде тыйым салынған бояғыштар қосылған шайлар табылды

Жарияланған күні: 06.01.2026, 13:03

Автор: Рахимжанова Жамиля

Қара шайдың бірқатар маркаларын Қазақстанға әкелуге және сатуға уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

 

Бақылау сатып алу барысында шайда қолдануға тыйым салынған "күннің батуы" (Е110), тартразин (Е102), понсо 4R (Е124) тағамдық бояғыштардың қосылғаны анықталды.

 

Оған қоса, шай қаптамаларында өнімнің өндіріс және орау мекенжайлары дұрыс көрсетілмеген. Бұл қызметке рұқсаттың жоқтығын айғақтайды.

 

Қандай шайларға тыйым салынды?
- "Апамның шәйі Premium gold", "Al-Hayat Golg", "БАЛҚИЯ Premium Gold", өндірушісі - "Orda Trade Astana" ЖШС (Алматы облысы);
- "Sultan Suleyman", "Pakistan tea", өндірушісі - «Real Trade Astana» ЖШС (Астана қ.);
- "БАЛҚИЯ Premium gold", өндірушісі - "Әл-Хадия" ЖК (Алматы қ.);
- "Aje Onim", өндірушісі - «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша «Орда Чай» ЖК (Алматы қ.):
- "Al-Hayat Gold", өндірушісі - "Empire Keniy E. P. Z. Limited" (Алматы облысы);
- "Al-Jannat Premium, өндіруші - "Ferdaus" ЖК (Алматы қ.);
- "Alfarah" (қаптамасында өндірушісі көрсетілмеген).

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.