Ұлытау облысының тұрғындары мен қонақтарын "Көкмайса - даланың тірі тарихы" республикалық этномәдени фестиваліне қатысуға шақырамыз.
Бірінші "Көкмайса" этнофестивалі 2018 жылы өтті, содан бері бұл жыл сайынғы дәстүрге айналды.
Ауқымды іс-шара ұлттық тағамдарды насихаттауға, қазақ халқының мұрасын, дәстүрлеріміз бен рухани құндылықтарымызды жаңғыртуға бағытталған. Сонымен қатар, дәстүрлі фестивальге туристер келеді. Фестиваль Орталық Қазақстан табиғатының сұлулығын көрсетеді, өлкеміздің бай тарихын паш етеді.
Бағдарламада:
- этноауылдар мен ұлттық салт-дәстүрлер;
- қымызмұрындық дәстүрі;
- ұлттық спорт ойындары;
- қолөнер көрмелері;
- 500 бие сауылатын тарихи көрініс;
- танымал өнер жұлдыздарының концерті.
Этноауылға келушілер көшпенділердің өмірін көре алады. Мұнда киіз үйлер тігіліп, қымызмұрындық дәстүрі, түрлі қолөнер көрмелері өткізіледі.
Қымызмурындық дәстүрі Ұлы дала халқының қасиетті сусыны - қымызға арналған. Дәстүр бойынша, ол жаздың басында өткізіледі. Дәл осы уақытта биелерді сауу басталады. Сусынның емдік қасиеттері бар деп саналады. Өкінішке орай, уақыт өте келе мұндай тарихи рәсімдер ұмытылып барады, бірақ осындай ауқымды іс-шаралардың арқасында біз мәдени мұраны сақтай аламыз.
Сондай-ақ, фестивальде көкпар, аударыспақ, жілік сындыру, қазақша күрес және садақ ату сияқты ұлттық спорт түрлерін тамашалауға болады.
Көкпар – көшпелілердің байырғы заманнан бері келе жатқан ойын өнері. Салт аттылардың екі командасы белгілі бір аймаққа немесе қарсыластың "қақпасына" апару үшін ешкі ұшасы үшін күреске түседі.
Аударыспақ - спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін қазақтың ұлттық спортының бір түрі. Әуел басында аударыспақ жауынгерлерді жаттықтырудың тәсілі болған. Қазір аударыспақ - тартысқа толы спорт түрі.
Жілік сындыру - көшпелі жастардың байырғы заманнан бері жалғасып келе жатқан, азаматтың күш-қуатын, қайратын байқату дәстүрі. Жілікті бір ұрып сындырған жігіт жеңімпаз болып танылады. Сындырған жігіттің айбыны асып, абыройы асқақтайды.
"Көкмайса" этномәдени фестивалі тарихымызды, мәдениетімізді сақтап қалуда маңызды рөл атқарады және өскелең ұрпаққа ежелгі дәстүрлерді, ата-бабаларымыздың рухани әлемін көруге мүмкіндік береді.
Этнофестиваль Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ералиев ауылында өтеді.
27 маусым күні таңғы сағат 10:00-де келіңіздер.
Мақала тегтері






