Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем ережелеріндегі өзгерістер туралы ақпаратты жоққа шығарды.
Министрліктің ресми өкілі Әйгерім Оразалиева пациенттерге қоңырау санатына қарамастан толық көлемде көмек көрсетілетінін айтты. Жұмыс уақытында IV санатты қоңырауларға мобильді бригадалар, ал қалған уақытта жедел жәрдем бригадалары жететін болады.
"Азаматтар үшін ештеңе өзгермейді, бірде-бір қоңырау назардан тыс қалмайды, ал пациенттерге қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы жақсарады", - деді Оразалиева.
Мақала тегтері