Кіру

|

Тіркелу

Адамды қапқан иттер ұйықтатып тасталуы мүмкін: зооқорғаушылар бұны заңсыз деп санайды

Жарияланған күні: 17.04.2025, 13:41

Автор: Рахимжанова Жамиля

Мәжіліс депутаттары иттерді адамның немесе басқа жануардың денсаулығына зиян келтіргені үшін өлтіруге мүмкіндік беретін жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға түзетуді мақұлдады, деп хабарлайды Vlast.kz.

 

Мәжіліс депутаты Наталья Дементьеваның сөзіне қарағанда, түзету жобаны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кейбір мүшелерінің, соның ішінде Дементьеваның қатысуынсыз қабылданған. Ол күні Ұлттық құрылтай өткен. Зооқорғаушылар да талқылауға онлайн түрде қосыла алмады.

 

Депутат жаңа түзетудің күмәнді екенін және пысықтауды талап ететінін атап өтті. Дегенмен, депутаттардың көпшілігі түзетуді қолдап дауыс берді.

 

KARE жануарларды қорғау қорының басшысы Юлия Коваленко бұл түзету заңнан жоғары тұратын Азаматтық кодекске қайшы келеді деп санайды. Кодекске сәйкес, үй жануарлары адамның мүлкі болып табылады.

 

"Бұл түзету Азаматтық кодекстің 124-бабына да, Конституцияға да қайшы келеді, себебі меншік құқығы Конституциямен қорғалады", - дейді Коваленко.

 

Зооқорғаушылар иттер мен олардың иелері үшін міндетті үйрету курстарын енгізуді ұсынды, бірақ бұл ұсыныс мақұлданбады.

 

Депутаттардың құзыреттілігіне күмән келтіріледі.
 

"Бұл жануарлар туралы заң. Бірақ бізде көптеген заңдар қабылданып жатыр және Азаматтық кодекс пен Конституцияға қайшы келетін дәл осындай нормалардың орын алмайтынына кім кепіл?. Бұл депутаттар басқа да маңызды мәселелер бойынша басқа жұмыс топтарына қатыса отырып, осындай түзетулерді қабылдауы әбден мүмкін", - дейді KARE басшысы.

 

AMANAT партиясының Республикалық экологиялық кеңесінің мүшесі Сергей Снегирев Vlast.kz басылымына берген сұхбатында жаңа түзету кинология қағидаты мен қорғаныс-қарауыл қызметіне нұқсан келтіреді деді. Ол қаскүнемдерді қауып алуы мүмкін күзетші иттерді мысалға келтіреді, яғни мұндай жағдайда нормаға сәйкес енді бұл иттерді ұйықтатып тастау керек болады.

 

Оның сөзіне қарағанда, қазір адамды ит қапқан жағдайда ит құтыруға тексеріліп, иесіне айыппұл салынады.

 

"Менің бір айтарым бұл ауыр салдарға алып келеді. Медициналық пунктте қажетті қағазды алу қаншалықты оңай екені бәрімізге түсінікті ғой. Егер мені ит қауып алса және мен оның өлгенін қаласам, онда мен бұған заңды түрде қол жеткізе аламын", - дейді Снегирев. Бірақ бұл түзету қабылданған жағдайда ғана болады.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.