Кіру

|

Тіркелу

21 жасқа дейінгі қазақстандықтарға картаны онлайн түрде шығаруға тыйым салынбақ

Жарияланған күні: 31.03.2025, 18:59

Автор: Рахимжанова Жамиля

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) қаулысының жобасына сәйкес банк карталарын шығаруды шектеу ұсынылды. Қаулы жобасы қазір талқылауда.

 

18 жастан 21 жасқа дейінгі жастарға картаны қашықтан шығаруға және қайта шығаруға тыйым салынбақ - бұл үшін банкке бару керек болады. Ал 14-18 жастағы азаматтар банктік қызметтерді интернетте тек ата-аналарының рұқсатымен пайдалана алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 

Сонымен қатар, банктер мынадай санаттағы клиенттерді көбірек бақылайды:
- бес және одан да көп карточкалардың иелері;
- шетелдіктер;
- шекаралас аудандардағы банк бөлімшелері мен картоматтар арқылы карточка алғандар;
- ресми табысы жоқ және үлкен сомалардың (туыстарынан емес) күдікті түсімдері бар немесе үшінші тұлғаларға жиі аударымдары бар 25 жасқа дейінгі жас қазақстандықтарға ерекше көңіл бөлінеді.

 

Тағы бір картаны шығарған кезде картаны шығарудың мақсатын көрсету керек.

 

Осылайша, Агенттік дропперлік пен алаяқтық схемалармен күресуді жоспарлап отыр.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.