29 маусым күні Алматыда бодибилдингтен 2024 NPC Worldwide/IFBB Pro Eurasia Championship/NPC Worldwide Eurasia Championship халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды etozhez.
Виолетта Данюкова аталған турнирге алғаш рет қатысып бірден екі алтын медаль жеңіп алды. Белгілі болғандай, бұл федерация әлемдегі бодибилдинг федерациялары арасында ең беделдісі болып табылады.
"Мен үшін ең қымбат жан - күйеуім Валентинге шын жүректен алғыс білдіремін. Ол барлық маңызды жарыстарда қасымнан табылып, жетістіктеріме арқау болды. Менімен қашанда қуаныш пен толқуды бөлісуге дайын менің басты жанкүйерім. Сондай-ақ, "vvvpower.arena" жаттығу залының басшысы Владислав Валевачқа алғысымды білдіремін", - дейді Виолетта.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін спортшы қызымыз әлем чемпионатында өнер көрсетіп, келешекте артықшылықтар беретін кәсіби картаны алуды жоспарлап отыр. Мысалы, бұл карта бодибилдерлер арасындағы ең маңызды турнир - Mr.Olympia сайысына іріктеуге қатысуға мүмкіндік береді.
Мақала тегтері






