Кіру

|

Тіркелу

Жезқазғандық спортшы бодибилдинг чемпионатында екінші орын алды

Жарияланған күні: 06.05.2024, 17:30

Автор: Мусабаева Карина

Владислав Аристов бодибилдингтен 15-ші Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды etozhez.

 

1 маусым күні Алматыда түрлі санатта 1000-нан астам адам қатысқан бодибилдингтен ҚР чемпионаты басталды. Облысымыздан бірнеше адам қатысқанымен, финалға тек Владислав Аристов жетті.

 

"Пауэрлифтингпен айналысқан кезде тән сұлулығы мен эстетикасы қызығырақ болатын. Мен үшін тұғырға шыққан кезде мықты атлет болып көріну маңызды. Соңғы жылды осы дайындыққа арнадым", - дейді жүлдегер.

 

Бұған дейін Владислав Аристов жеті жыл бойы пауэрлифтинг бойынша жарыстарға қатысып жүрді. Владислав бодибилдингке ауысып, өз күшін жаға спорт түрінде сынап көруге бел шешкенін айтады.

 

"Фармакологияны қолданбай спортта жеңіске жету мүмкін емес деген стереотип бар. Күштік үштікте допинг-бақылаудан өту кезінде күшімді енді қарама-қарсы бағытта сынап көрудің уақыты келгенін түсіндім. Маған көмек қолын созған адамдарға, әсіресе бапкерім Анна Мошенкоға алғыс айтқым келеді", - деді Владислав.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.