Қыркүйек айында ҰҚК қызметкерлері өз пәтерін есірткі өсімдігін өсіру бойынша фитозертханаға айналдырған екі жезқазғандықты анықтады.
Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында фитошамдар, желдеткіштер, тыңайтқыштар, химреагенттер және т.б. өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егіп-өсіруге арналған құралдар тәркіленді. Голландиялық сұрыпты 4 түп ора мен кептірілген күйіндегі марихуана табылды.
Бұл Ұлытау облысында анықталған алғашқы осындай фитозертхана. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Мақала тегтері