Кіру

|

Тіркелу

Елімізде арзан дәрі-дәрмек азайды

Жарияланған күні: 16.10.2025, 14:20

Автор: Рахимжанова Жамиля

Қазақстанда бағасы қолжетімді дәрі-дәрмектер азайып барады, олардың саны төрттен бір бөлікке азайды, деп хабарлайды "31 арна" Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығына сілтеме жасап.

 

Олардың орнына қымбаттырақ балама дәрілер сатылып жатыр. Кейбір қазақстандықтар жалақысының немесе зейнетақысының жартысын дәріге жұмсауға мәжбүр.

 

Тәуелсіз дәріханалар қауымдастығы бұл зауыттар үшін қолайсыз болып шыққан таңбалауды енгізуге байланысты деп санайды.

 

Алайда, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті арзан дәрі-дәрмектердің азайғанын анықтамағанын, бірақ мұндай жағдай жекелеген елді мекендерде орын алуы мүмкін деп мәлімдеді. Ведомство дәрі-дәрмекті жеткізудегі кідірістерді логистикадағы қиындықтармен немесе әлемдегі саяси жағдаймен байланыстырып отыр.

 

Комитет рецепт бойынша 1 АЕК-тен арзан дәрі-дәрмек бағасын реттеуді доғармақ. Өзгерістер мүдделі органдармен келісіледі.

 

Ал сіз арзан дәрі-дәрмектің азайғанын байқадыңыз ба? Байқасаңыз, ол дәрілерді қазір қайдан және қандай бағамен сатып алып жүрсіз?

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.