Кіру

|

Тіркелу

Жезқазғанда өз пәтерінде марихуана өсірген тұрғындар ұсталды

Жарияланған күні: 22.10.2025, 14:11

Автор: Рахимжанова Жамиля

Қыркүйек айында ҰҚК қызметкерлері өз пәтерін есірткі өсімдігін өсіру бойынша фитозертханаға айналдырған екі жезқазғандықты анықтады.

 

Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында фитошамдар, желдеткіштер, тыңайтқыштар, химреагенттер және т.б. өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егіп-өсіруге арналған құралдар тәркіленді. Голландиялық сұрыпты 4 түп ора мен кептірілген күйіндегі марихуана табылды.

 

Бұл Ұлытау облысында анықталған алғашқы осындай фитозертхана. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Мақала тегтері

Пікірлер (0)

Чтобы оставить комментарий, необходимо зарегистрироваться или войти

Бірінші Жезқазғандық!

© 2024 EtoZhez. Барлық құқықтар қорғалған.