Жаңаарқалық Жақия Ақмарал Алматыда өтетін "Қазақ Аруы" сұлулық байқауына қатысады.
Ақмарал Қазақстанның басқа қалаларынан келген сұлуларымен тәж үшін жарысатын болады. Байқаудың финалы 13 қарашада өтеді, тікелей эфирді BM Production YouTube арнасынан тамашалауға болады. Қолдау көрсетіп жіберейік, себебі жеңімпаз көрермендер арасында дауыс беру арқылы таңдалады. Ақмарал үш нөмірімен өнер көрсетеді.
Біздің аруымызға сәттілік тілейміз!
Мақала тегтері






