Республика күні 25 қазанда Жезқазған қаласында "Металлург" стадионында жергілікті "Ulytau" футбол командасы елордалық "SD Family" клубын қабылдады.
Өңір басшысы Дастан Рыспеков ойынға келіп, ойыншыларға сәттілік тіледі. Ойын Ұлытау облысы спортшыларының пайдасына 4:0 есебімен аяқталды.
Барлық төрт голды қарсыластарына бас көтертпеген 23 жастағы шабуылшы Шыңғыс Флюк соқты. Осылайша, "Ұлытау" футбол клубы 60 ұпай жинап, Бірінші лига кестесінде екінші орынға табан тіреп, Премьер-лигаға шықты.
Футбол алаңының ашылуы Республика күні қарсаңында өтті. Реновация серіктестердің қолдауымен Қазақстан футбол федерациясының "ALAÑ" жобасы шеңберінде жүргізілді. Жөндеу бюджеті алаңда италиялық газон төсеуге, суару, дренаж және су бұру жүйелерін орнатуға мүмкіндік берді. Мұның барлығына екі жүз миллион теңгеден астам сома жұмсалды. Алаң халықаралық стандарттарға сай келеді. Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтың айтуынша, өңірде бұқаралық спорт түрлері белсенді дамып келеді.
"Футбол алаңын жаңарту жас спортшылар үшін де, кәсіби спортшылар үшін де тамаша жаңалық болды. Облыста екі жыл ішінде балаларға арналған 6 спорт мекемесі ашылды. Қазіргі уақытта жаңа нысандардың, соның ішінде спорттық-сауықтыру кешендері мен бассейндердің құрылысы жүргізіліп жатыр", - деді облыс әкімі.
Мақала тегтері