Президент атына өтінішхат 2024 жылдың наурыз айында жіберілді. Осылай деп ҰҚК Informburo.kz салған сауалға жауап берді деп хабарлайды etozhez.
Мәсімовке қатысты ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру, сондай-ақ аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша тергеу жалғасуда.
Айта кетері, 2022 жылғы қаңтардағы оқиғалардан кейін Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы қызметінен босатылды. Көп ұзамай ол опасыздық жасады деген күдікпен ұсталды.
Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Мақала тегтері